AAA
Обычный Черный

ШЖҚ "Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК қызметкерлері Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің базасында өткізілген "АИТВ: әр адамды есту" баспасөз конференциясына қатысты.

2021 жылғы 12 қарашада  ШЖҚ "Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК қызметкерлері Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің базасында өткізілген "АИТВ: әр адамды есту" баспасөз конференциясына қатысты.

Спикер, В.Цой (БҚО ЖИТС ОО профилактикалық бөлімінің эпидемиолог-дәрігері) баспасөз конференциясына қатысушыларды 2021 жылы ЮНЭЙДС ұсынған Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің тақырыбы "Теңсіздікті жою. СПИД-ті  тоқтату. Пандемияны тоқтату". Дүниежүзілік науқан аясында Қазақстанда 2021 жылдың 15 қарашасынан 25 қарашасына дейін онкүндік өткізу жоспарлануда. Дүниежүзілік науқанның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтты; БҚО аумағындағы Дүниежүзілік науқанға арналған іс-шаралар жоспарының басты бағыттары туралы ведомстволармен жоспарланған бірлескен іс-шараларға қысқаша тоқталды.

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні атап өтіледі. Бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігеді және СПИД-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.

Спикер, ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің педагогы Г.Үмбетова әрбір #Услышать Каждого # Әрбірін Түсіну # to Hear Everyone# хештегімен  өткізілетін челлендж туралы айтып берді

Баспасөз конференциясында қолжетімді нысанда слайдтар, статистикалық деректер көрсетіліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

01.11.2021ж. жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында шамамен 50,9%  жыныстық жолмен берілетін және инъекциялық есірткіні қолдану кезінде  46,0% берілетін АИТВ инфекциясы тіркелген.

Instagram12.11.2021, 131 просмотр.