Телефон для справок: +7 (7212) 900 326

2022 жылғы 24 мамырда Орал қаласы және БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамымен "Адам ағзасына психобелсенді заттардың жағымсыз әсері" тақырыбында алдын алу іс-шараларын өткізді. Нарколог-дәрігер Н.Ф. Сатанов осы мәселенің өзектілігін және адам ағзасына психобелсенді заттарды қолданудың салдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Дәрістің маңызды сәті-психобелсенді затты қолданатын адамды қалай анықтау керектігі туралы болды. Еліктіруге қалай ермеу немесе ПБЗ қолдануды тоқтату туралы  ұсыныстар берілді.