Телефон для справок: +7 (7212) 900 326

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.Калайчидидің 2021 жылғы 06 сәуірдегі (№1-7-6-102/262-И) нұсқауын орындау үшін, ағымдағы жылғы 10 наурызда сағат 10:00-де, БҚО МКҚБ ММ акт залында.  Стресске орнықтылықты төмендету, әлсіз психологиялық даярлық, психосоматикалық аурулардың өсуі және жеке құрамның психо-эмоционалдық жай-күйіне алаңдаушылық проблемасының өзектілігін ескере отырып, психологиялық денсаулық мәселелері бойынша медициналық және діни проблемаларды зерттеу орталығының білікті мамандарымен бірлесіп, "ІІО жеке құрамы арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу", "Алкогольге тәуелділік, нашақорлық"тақырыптарында семинар өткізілді..

шақырылды:

-БҚО полиция департаменті емхана госпиталінің  психиатр дәрігері Баиров Нурлан Нургалиевич;

 - Облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Сатанов Нурлан Фаткулович;

- «Аманат Жайык» қоғамының теолог маманы Ихсанов Ерденбек Жанузакович.

Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша сұрақтар қаралып, тыңдаушылармен кері байланыс орнатылды, оның барысында сұрақтарға жауаптар және "есірткіге тәуелділік"тақырыбына бейнеролик берілді.

Алдағы уақытта жеке құраммен белгілі бір жұмыс жалғасатын болады. Сондай-ақ тәртіп пен заңдылықты бұзуға жол бермеу, сондай-ақ қызметкерлерді қызметте де, тұрмыста да психологиялық қиындықтарды жеңуге дайындау бойынша шаралар қабылданатын болады.

Аталған семинарды БҚО МКҚБ ММ кадр саясаты бөлімінің аға инспектор-психологы, полиция капитаны Абулхатина Әсел Махамбетқызы ұйымдастырды.